Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үш күні ішінде Павлодар полицейлері 728 Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтады.

- Оның 80-і маусымдық пайдалануға шиналардың сәйкес келмеуімене байланысты болды. Ең көп жасалатын бұзушылықтардың түрі – қауіпсіздік белдіктерін тақпау, рөлде телефонмен сөйлесу, маневр жасау ережелерін сақтамау, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің 197 рет ереже бұзғаны анықталды.

Бұдан басқа, автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 12 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 47 жүргізуші, бағдаршамның қызыл шамы жанған кезде жолды өткені үшін – 22 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, жол, қыс, резина, доңғалақ