Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

РИА Новости сайтының деректеріне сүйенсек, бортта 38 адам болған.

C130 Hercules ұшағы 16:55-те ұшып, 18:13-те байланыстан ажырап кетті. Ол Пунта-Аренас қаласындағы "Чабунко" базасынан Антарктикадағы әуе базасына бағыт алған. Бортта барлығы 38 адам, оның 17-сі – экипаж мүшесі, 21-і – жолаушы болған, - делінген ВВС Чилидің Twitter-дегі парақшасында.

Ұшақ базалардың бірін жанармаймен қамтамасыз ететін мұнай құбырында қызмет ететін жұмысшыларды тасымалдап келе жатқан. ВВС Чили генералы Эдуардо Москейру ұшақтағы жанармай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 09:40-та бітуі керек болғанын хабарлаған.

C-130 – орта және үлкен қашықтыққа ұшатын америкалық әскери көлік ұшағы.

pavlodarnews.kz

Тэги: