Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Бізде Ұлттық судьялар мектебінің делегациясы бар. Олар қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жалғастыратын болады. Менің ойымша, бұл бір жылдың емес, бір ұрпақтың мәселесі. Сондықтан келер ұрпақты кішкентайынан бастап дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Бұл барлығымызға тән құбылыс, - деді елші "Парасаттылықты ілгерілетудің тиімді тетіктері" атты халықаралық конференция барысында.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Францияда сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнама қатая түскен. Енді бұл елде министрлер кеңесіндегі барлық адам өз іс-әрекеттері туралы толық есеп беруге мәжбүр.

Сіз қызметке келгенде және одан кеткен кезде ешқандай ақша алмағаныңызды делелдеуіңіз керек. Францияның әр министрлігінде шенеуніктер үшін ережелер мен ұсынымдар дайындайтын арнайы адам болады. Ол заңның орындалуын қадағалайды және қызметкерлердің парасаттылығын (адалдығын) бақылайды. Мысалы, Францияның Сыртқы істер министрлігінде құны 300 еуродан қымбат сыйлық алуға болмайды. Егер сыйлықты алатын болсам, онда оны қайтарып, қайтарғаным туралы сертификат толтыруым қажет, - деді Филипп Мартинэ.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында осымен бесінші рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конференция өтіп жатыр. Іс-шара аясында Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін семинар ұйымдастыру жоспарланған.

pavlodarnews.kz

Тэги: