Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, блиц турнир № 41 мектепте ұйымдастырылды.

- Жарысқа 80 мұғалімнен құралған ерлер мен әйелдердің 40 командасы қатысты, - деді білім беру бөлімінде. – Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасынан үздік ойыншыларды анықтау және қолдау.

Турнир шарты сәйкес қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 7 кезеңмен жарысты. Әр турда бір ойыншыға 10 минут (қосусыз) уақыт берілді.

Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған №43 мектептің командасы 1-орынды иеленді. Құрамында шахмат мұғалімі Яна Лозовская мен дене шынықтыру мұғалімі Сергей Пилипчук бар. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасында жекелей сынақтар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте турнирдің жеңімпаздары атанған команда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, шахмат, мұғалімдер, турнир