Бұл туралы dimashnews.com хабарлайды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Димашты қатты жақсы көретінін айтқан ол әуежайдағы көпшілікпен бірге қазақстандық әншінің қолын алып, амандасу үшін арнайы барыпты.

Әншіні әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық жанкүйері Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда гүл шоқтарымен күтіп алды.

Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбіреді. Сонымен қатар, сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлер қазақстандық әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық жолдан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік фотоға түсті.

pavlodarnews.kz

Тэги: