Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Олардың ішіндегі 93 өндіріс ошағы, құрамында мыңдаған адам еңбек ететін ірі нысандар бар. Ал, еңбек ақысына үстеме қосылғандар, негізінен төмен жалақы алатын жұмысшылар. Осылайша, биыл аймақта 150 мыңнан астам еңбекшінің айлығы көтерілген. Жалпы өңірде бас-аяғы 14 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым бар. «Қалғандарымен де қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр», - дейді еңбек инспекторлары. Ал, ең бастысы, жұмысшыларына 500 млн теңгеден астам қаржы берешек болып келген бірнеше кәсіпорын, қарыздарынан құтылған.

Берік Мұстафин, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Қазіргі күні бізде бір 5 кәсіпорын қалып отыр. Оларда 81 қызметкер жұмыс істеп жүр. 11 млн теңгеден астам қарыз қалып отыр. Қазір біз мына 16 желтоқсанның алдында сол жұмысты істеп жатырмыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: