Бүгінгі күннің стереотипы –педагогтың білім беруді реформалаудың негізгі тұлғасы болып табылатындығы. Шебер-педагог болу процесі білім мен мансапқа инвестиция жұмсамай нәтиже бермейді.ЖОО-да алған диплом немесе күнделікті өткізілетін сабақтар педагогикалық жетістіктің кепілі бола алмайды. Білім беру саласындағы ғылыми-техникалық өзгерістер педагогтың жаңашыл ойлайтын, бастамашыл, шығармашыл, жоғары білімді жаңа тұлғасын қалыптастырады.

Бұл міндет облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі конкурстарға Павлодар облысы педагогтарының қатысуын ұйымдастыру арқылы педагогтың шығармашылық тұлғасын өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасау бойынша педагогикалық кадрлармен жұмыс жүйесін шешуге мүмкіндік береді.

Халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін еліміздің жоғары сыйы – «Құрмет» орденің Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Анатолий Николаевич Билида алды.

Павлодар облысының барлық санаттағы мұғалімдері үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өмір бойы білім беруге ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Жыл мұғалімі» конкурсы өткізілді.Конкурс нәтижесі бойынша Аққулы ауданының Малыбай ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Айтмұқан Бекболатұлы Айгожин Гран-при және «Жыл мұғалімі – 2019» атағына ие болды. I орынға дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аспандияр Әсетұлы Даулетқали иеленді.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және қолдау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар үшін «Жыл тәрбиешісі» конкурс ұйымдастырылып өткізілді, оның нәтижесі бойынша Гран-при және «Жыл тәрбиешісі – 2019» атағына Ақсу қаласының «Асыл бөбек» сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Диана Мұратқызы Каликова ие болды. І орынды Павлодар қаласының №6 сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Жанаргүл Нұрланқызы Жумагозина иеленді.

Жаратылыстану-математика циклінің оқытушылары үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша үш тілді оқытудың үздік тәжірибесін анықтау мақсатында ағылшын тілінде «Үздік сабақ әзірлемесі» облыстық конкурсы өткізілді.

І дәрежелі дипломмен марапатталды: Ақтоғай ауданының М. Қайырбаев атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Айнагүл Жасталаповна Мұканова, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Туктагулович Марзатаев, Ақтоғай ауданы ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі Алма Маженқызы Куватова, Павлодар қаласы №28 ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Ләззат Замзамқызы Сыздықова, Ақтоғай ауданының Приреченск ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Антон Сайдашевич Шамилов.

Дарынды, шығармашылықпен істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізілген Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» санаторийі базасында өткізілген конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар облысынана 5 психолог – облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ІІ орынды Павлодар ауданы Луганск ЖОББМ психологы Светлана Табысовна Баймагамбаева және Ақсу қаласы №24 сәбилер бақшасының психологы Дана Юрьевна Нагасимова иеленді. «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясының жеңімпазы болып Аққулы ауданының Шарбақты ЖОББМ психологы Тілеуғайша ТілешқызыТұрғанбекова танылды. Жеңімпаздар мен номинанттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталды. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланып, тәжірибеге енгізу үшін ұсынылады.

Озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені тарату және педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында «Үздік педагог – 2019» республикалық конкурсы өткізілді, оның жеңімпаздары: Павлодар қаласының №19 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Серікбаев Алмас Сансызбайұлы, Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Илья Олегович Поляков, Ақсу қара металлургия колледжінің арнайы пән оқытушысы Маргарита Владимировна Коярская.

Облысымыздың педагогтары Алматы қаласында өткен «Педагогикалық бастамалар фестивалі» республикалық конкурсында өз білім беру тәжірибелерін республикалық деңгейде көрсетіп, қорытып, тарата алды. Сайыс әр түрлі пәндік салаларымен қосымша білім беруді біріктіруімен бес бағыт бойынша өтті. Павлодар облысынан 18 білім беру ұйымынан 25 педагог қызметкер қатысты, оның ішінде төрт басшы. Мұғалімдер үш бірінші, екі екінші, үш үшінші орынға ие болды және төрт мұғалім фестиваль номинанттары атанды. «Мектеп менеджменті» бағытында дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының директоры Армангүл Сартайқызы Рахымжанова 3 орынға ие болып, конкурс жүлдегері атанды.

«Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы» бағытында жүлдегер атанды: Павлодар қаласы № 21 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Ивановна Рауш, 1-орын; Май ауданының Е.Мұқашев атындағы орта мектептің математика және информатика пәндерінің мұғалімі Айдана Әбухасен,1-орын.

«Шығармашылық толқын» бағытында Май ауданы Кеңтүбек ауылының «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Зухра Димяновна Мухамедова 2-орынға иеленіп, конкурстың жүлдегері атанды. Номинант –Аққулы ауданының Б.Уахатов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карлығаш ДоскенқызыБикеева.

«Психолог жинағы» бағытында Павлодар қаласы №40 орта мектебінің психолог-дефектологы Қымбат Галлямқызы Матай жеңімпаз атанды, 1-орын.

Сонымен қатар, үздік білім беру бағдарламаларын және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізіп тарату үшін педагогтардың жоғары шығармашылығын ашатын «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өткізілді. Республикалық кезең Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында өтті. Байқауға педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ педагог қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері қатысты. Қорытынды кезеңге сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша 250 авторлық жоба жіберілді. Павлодар облысынан 16 педагог қатысты. Конкурстық бағдарламаларды сараптау мен іріктеуді республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері арасынан арнайы сараптау комиссиясы жүргізді.

Байқау материалдарын қорғау нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру бағытында ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар ауданының Красноармейка ЖОББМ бастауыш сынып мұғаліміЗарина Мұратбекқызы Қисмат марапатталды. Физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика) бағытында ІІ дәрежелі дипломмен Май ауданының Малайсары ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Гүлден Сансызбайқызы Жұмабекова және Павлодар қаласы №1 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Светлана ВикторовнаПрохоренко марапатталды.Қосымша білім беру саласындағы авторлық жұмыстар (үйірмелер, секциялар) бағытында ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ГүлданаТұяққызы Топанова марапатталды.

«Өз ісінің шебері» номинациясымен марапатталды: «Зерде» мамандандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дусупова Аклес Әділбайқызы, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Айдар Абылайұлы Шайхимов, Кенжекөл а. Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі ЗамзагүлҚұдайбергенқызы Құрманғазина, Павлодар қаласы №19 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Алмас СансызбайұлыСерікбаев.

Павлодар облысында барлық оқушылардың сапалы білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептерге арналған ресурстық орталықтар өз қызметін жүзеге асырады. Заманауи мұғалім кез келген жағдайда және қызмет түрлерінде педагогикалық іс-әрекетке өз қолтаңбасы болуы керек. Осылайша, ресурстық орталықтар мен шағын жинақты мектептер қызметінің нәтижелілігін бағалау үшін ұйымдастырылған «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауында Баянауыл ауданының №2 ЖОББМ ресурстық орталығы жүлделі орынды иеленді.

К.Д.Ушинский: айтқандай: «... Тәрбие, жетіле келе, адам күшінің шегін кеңейте алады: физикалық, ақыл-ой, адамгершілік». Педагогтің дұрыс үйлестірілген жұмысы кезінде бала оған табысты даму мүмкіндігін беретін қызметке беймәлім түрде тартылады. Тараз қаласында 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагогтар үшін, жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиада өтті. Павлодар облысынан 15 педагогтан құралған команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің физика пәнінің мұғалімі Айым Мұратқызы Малшыбаева, облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі Айгерім Нұржанқызы Қалиева, Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әсет Бақытжанұлы Серікбаев. ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: Павлодар қаласы №40 ЖОББМ логопеді Жанбота Асылбек, Павлодар қаласы №40 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Алина Бейбітқызы Бегімова.

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңын орындау, жаңа технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында облысжалпы білім беретін мектептердің «Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің үздік жобасы» облыстық конкурсы өткізіледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің жобалары конкурсы жағдайында заманауи көрнекі құралдар мен интерактивті техникалық оқыту құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттің болуы ескерілді. Байқау материалдары мультимедиялық презентациялармен, бейнефильмдермен ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты мен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Құралай Серікқызы Мукушева мен Гүлмира Кәкімқызының Игілікова жобалары жеңімпаз деп танылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: