- Бұл жерде ұзақ жылдар бойы түйткілді мәселе болып, өткен жылдары ғана шешімін тапқан Нығыманов атындағы орта мектептің жаңадан салынған қосалқы құрылыс ғимараты мен спорт залын аралап танысты. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ашылған Қимадиден Нығманұлына арналған мұражайды, «Домбыра» кабинеттерін тамашалап, жаңа заманғы құралдармен жабдықталған пән кабинеттерінің жұмысына қанықты, - дейді аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Саяуыш Сәдуақасов..

Аудан орталығында орналасқан «Ақтоғай-Агро» фирмасы ЖШС Манап Шарапиденұлы аялдаған келесі нысан болды. Бұл жерде кәсіпорынның өндірістік базасын аралап, биыл іске қосылған жаңа нысандармен, алынған техникалармен және жұмыс барысымен таныс болды.

Сапардың келесі кезеңінде өткен жылы ашылған Естай Беркімбайұлының ескерткішіне аялдап, әкімдік ғимаратында аудан активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдағы ағайынның көкейкесті сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Кездесу барысында бұған дейін Ақтоғай ауданының әкімі қызметін атқарған, Ақтоғай ауылындағы барлық кезеңдік су құбырының құрылысын бастап, «Жеңіс» саябағын, орталық сауда алаңын, аудандық мәдениет үйі мен аудандық кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуді ұйымдастырған Манап Көбеновке аудан мәслихатының шешімімен «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, мәдениет, Павлодар облысы, депутат