- 8:19-да жедел жәрдем оқиға орнына келді,-деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде. - Медицина қызметкерлері шамамен 40 жастағы еуропалық келбетті ер адамның тепловоздың астына қысылып, көз жұмғанын анықтады. Қаза болған адамның денесін шығару үшін құтқарушылар шақыртылды.

Облыстық еңбек басқармасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Абылай Сабыровтың айтуынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

- Бізде зардап шегушінің еңбек қатынастары жоқ екендігі туралы ақпарат бар, - дейді бөлім басшысы. - Бірақ бұл дәлелсіз ақпарат. Заң бойынша жұмыс беруші бір тәулік уақыт ішінде біздің басқармаға жүгінуі тиіс. Бұл жағдай нақтыланғаннан кейін толық ақпарат беретін боламыз.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: