Футбол орталығының жаттықтырушысы Вячеслав Забелиннің айтуынша, болашақ футболшылар таңдауда олардың жаттығулар кезіндегі реакциясына ерекше көңіл бөлінеді.

- 6-7 жастағы балалардың техникасы мен шапшаңдығы туралы айту артық айтқандық болар, - дейді Вячеслав Забелин. – Сол себепті, бірінші кезекте, біз үшін бұл жастағы балалардың реакциясы маңызды. Яғни олардың ойынның әртүрлі жағдайларына қалай назар аударатынына қараймыз.

Ertis футбол орталығының өкілдері айтқандай, іріктеу кезінде команда құрамына қабылданбай қалған балалар ешбір уақытта еңселерін түсірмей, жаттығуларды тоқтатпауы керек.

- Кейбір балалар есейгенде шыныға түседі, ал кейбіреулерінің керісінше спортқа қызығушылығы бәсеңдейді, - дейді Вячеслав Забелин. – Осының бәрін ескеру керек. Сондықтан ата-аналарға футбол орталығына бірден қабылданбаған балаларының жеке меншік футбол клубтарында біраз шеберліктерін шыңдап, қайта келуді ұсынамыз.

Ertis футбол орталығына іріктеу аптаның әр сейсенбі және жұма күндері «Юность» манежінде өтеді. Басталуы: сағат 18:00-де. Мекенжайы Толстой к-сі, 28.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФО, Ертіс ФО, Ertis ФК, балалар мен жасөспірімдер спорты, футбол