Барлығы 361 ауылдық елді мекендердің 347-сі интернет желісіне қосылған. Облыс бойынша CDMA технологиясы аймағына кірмей, ғаламтордан тыс қалған 14 ауылдың 9-ы Баянауыл ауданында орналасқан.

Аталған келеңсіздіктерді шешу үшін 2020 жылы облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлауда.

Мәселен, басқарма басшысының орынбасары Қизат Жақыпов атап өткендей, мемлекеттік орган «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе интернет желісінің ауқымын кеңейтуге бағытталған жұмысты қолға алған.

Қизат Жақыповтың айтуынша, Павлодар облысында 333 ауылдық елді мекенде ұялы байланыс жұмыс істейді. Яғни, облыс байланыстың бұл түрімен 92%-ға қамтылған. Жоғарыда атап өткеніміздей, 28 ауылда ұялы байланыс жоқ.

- 2020 жылы ұялы байланыс желісі Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ пен Қаражар, сондай-ақ Железин ауданының Церковное ауылдарында қосылады деп жоспарлануда. Биылғы жылдың қорытындылары бойынша көрсеткішті 93%-ға жеткізу көзделуде, - дейді Қизат Жақыпов.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орнату үшін аталған 28 ауылда антенналар салынбақ.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Интернет, ұялы телефон, байланыс, Қизат Жақыпов, коммуникация