Бұл туралы Павлодар облысы статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Қала халқының саны 531,1 мың адамды, ауыл халқы 221,4 мың адамды құрайды, - деді департаментте. - Оған қоса, өткен жылдың үшінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 410,5 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6 пайызын құрады. Ал жұмыссыздық деңгейі - 4,7 пайыз. Жұмыспен қамту органдарына 2019 жылдың желтоқсан айындағы соңғы мәлімет бойынша 4,8 мың жұмыссыз адам тіркелді.

Сонымен қатар, өткен жылдың үшінші тоқсандағы жағдай бойынша орташа айлық 161,1 мың теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес тоқсанына 115,9 пайызды құрайды. Жалдамалы қызметкерлер саны 197,2 мың адам.

Баспасөз қызметінде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 106816 теңгені құрағаны атап өтілді. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 14,2 пайызға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 8,6 пайызға артты.

pavlodarnews.kz

Тэги: