Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екі ер адам балық аулап қайтып келе жатқан жола боранға тап болған.

- 15 қаңтар күні сағат 09:36-да Екібастұз қаласының «112» пультіне 13 қаңтарда екі ер адам түнеумен балық аулауға шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. Қасына бір ер азаматты ертіп алған ол 14 қаңтар күні түскі сағат 14:00 шамасында жұбайына қайтар жолға шыққаны туралы хабарлама жіберген. Бірақ олар жолда боранға тап болған. Шамамен сағат 22:00-де байланыс үзіліп қалған. Хабарламаны алысымен Екібастұз қалалық құтқару бөлімшесінің қызметкерлері арнайы техникамен адамдарды іздестіруге шықты, - деді баспасөз қызметінде.

Екі балықшы ВАЗ-2106 автокөлігімен қар құрсауында Шідерті ауылына 10 шақырым жетпей тұрып қалған. Құтқарушылар балықшыларды іздегеннен кейін екі сағаттан кейін тапты.

- Олар аман-есен табылды, - деді департаментте. – Медициналық көмек көрсету қажет болған жоқ.

100 метрге жуық қашықтықтағы қарды қолмен бірге тазалап, көлікті шығаруға тырысқан, алайда олардың бұл әрекеті жүзеге аспаған. Құтқарушылар балықшыларды Шідерті ауылына эвакуациялады.

Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, боран, ТЖ, ТЖД