- Есептік кезеңде 1664 ересек тұрғын, 0-ден 18 жасқа дейінгі 1092 бала профилактикалық тексеруден, яғни скринингтен өтті, - дейді ауыл әкімі Сырым Рушанов. - Павлодарское ауылында «МедПроект-ПВ» ЖШС амбулаториясы бар. Алғашқы талдаулар зертханасы, емшара кабинеті және күндізгі стационар тұрақты жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория иелігінде «Нива» автокөлігі арқылы ауыл тұрғындарына күн сайын сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

Тұрғындардың бірі бүгінгі таңда дәрігер 2017 туған баласын балабақшаға орналастыра алмағандықтан жұмысқа шыға алмай отырғанын айтып, мәселенің шешімін табуды өтінді.

Қала әкімі Қайрат Нүкенов білім бөлімінің мамандарына бұл жағдайдың шешімін табуды тапсырып, баланың балабақшаға орналасуын қадағалауға уәде берді.

Айта кетейік, Павлодарское ауылы тұрғындарының санын 6480 адам құрайды.

Айгүл Жүсіпова 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар ауылы, Қайрат Нүкенов, халық, дәрігер