Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабардлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлағандай, 2020 жылдың 16-20 қаңтары аралығында 95 мыңнан астам үміткер ҰБТ тапсырады.

Жалпы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте, оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Негізінен Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Нәтижесінде, ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 75 520 оқушы тестілеуді қазақ тілінде, 22 744 бала – орыс тілінде және 176 бала ағылшын тілінде тапсырады. Санаттар бойынша, 90 808 бала – 11 (12) сыныпта оқиды және былтырғы тестілеуден өтпеген, ЖОО-ға шартты түрде қабылданған 2 701 үміткер бар.

Бұдан басқа, шығармашылық дайындықты талап ететін, өзге білім беру бағдарламасына ауысқысы келетін 1-2-інші курстағы 1 841 студент бар. ҰБТ-да 820 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының жұмысын бұғаттайтын құралдармен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, тыйым салынған заттар табылған үміткер ҰБТ-ға кіргізілмейді және акт арқылы ғимараттан шығарылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: