Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен; Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мұның алдында Қалмұханбет Қасымов Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.

Қасымов 2011 жылдан 2019 жылға дейін ІІМ басшысы қызметінде болды. Ол 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданы Дмитриев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғарғы, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде "заңгер" мамандығын тәмадаған. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылы - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алма-Ата облысы ішкі істер басқармасының Іле аудандық ІІБ басшысының орынбасары. 1988 жылы - Алма-Ата облысы ІІБ қоғамдық тәртіп күзеті бөлімінің басшысы. 1989 жылдан - Алма-Ата облыстық ІІБ Қапшағай ішкі істер бөлімінің басшысы. 1992 жылдан - Криминалдық милиция басқармасының басшысы, Алма-Ата облыстық ІІБ басшысының орынбасары. 1997 жылы наурыз-шілде - ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы.

1997-2003 жылдары - Алматы қалалық Бас ішкі істер басқармасының басшысы. 2003-2005 жылдары - Бас ішкі істер басқармасының, Алматы облысы ішкі істер департаментің басшысы. 2005-2009 жылдары - бірінші вице-министр, ҚР ішкі істер вице-министрі. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы. Министр қызметіне 2011 жылы сәуірде келді. 2011 жылы 14 желтоқсанда оған полиция генерал-лейтенанты шені берілді, ал 2015 жылы мамырда полиция генерал-полковнигі берілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: