Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. 

-  2020 жылы 12 қаңтарда сағат 10.30 шамасында белгісіз біреу Павлодар қаласының Катаев көшесіндегі 34-ші үйдің 4-кіреберісінің алдында «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігіне заңсыз кіріп, қала тұрғынының мүлкін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 20 000 теңгені құраған. Сол күні сағат 23.20-да белгісіз біреу Павлодар қаласының Катаев көшесіндегі 30-ші үйдің ауласына «Skoda Octavia» көлігіне заңсыз кіріп, автокөліктің радиосын ұрламақ болған, - дейді департаментте.

Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыстарды (автомобиль ұрлығы) жасағаны үшін полицияға жеткізілген, алайда заңға сәйкес, ол жәбірленушілермен екі рет татуласқан. Сондықтан тараптардың татуласуына байланысты оған қарсы қылмыстық қудалау тоқтатылған.

Бұл жолы ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және еліміздің қабылданған заңы бойынша қатаң жазаланады.

Айта кетерлігі, жаңа заңнамаға сәйкес ұрлық ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес ауыр қылмыс болып табылады. Санкция мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, бұл санаттағы істер тараптар татуласқаннан кейін тоқтатуға жатпайды.

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам