Бұл туралы құрылыс бөлімінің техникалық сектор меңгерушісі Нұрдәулет Несіпқазиев мәлім етті.

-  Бұл І типке жататын, екі қабатты, 18 пәтерден тұратын үйлер, - дейді  Нұрдәулет Несіпқазиев. - «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспананың 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден ұсынылады. Жоба бойынша қатты отынмен жылыту қарастырылған.  Су құбырлары мен кәріз жүйелері, электр  желісі тартылған.  Сондай-ақ 2019 жылы бұл аумақта 72 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілген болатын.

Сектор меңгерушісінің айтуынша, шағын аудандағы құрылыс ұшу жолағынан бір километр радиуста жоспарланған.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ақпараты бойынша, жоспарлау жоспарын жобалау және әзірлеу кезеңінде «Павлодар Әуежайы» АҚ басқарма төрағасының келісімі болған. Сондай-ақ, кеңес хаттамасы, шу мен дірілді өлшеу хаттамасы, «Павлодар әуежайы ауданындағы жеке тұрғын үй құрылысының шағын ауданы үшін  жоспарлау» техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экологиялық сараптаманың қорытындысы бар.  

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің әуежайға жақындығы  жаңа тұрғын үй иелеріне әсер ете ме екені жайлы сауалға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде тұрғын үй заң шеңберінде салынғанын, сондықтан да ұшу жолағына дейінгі қашықтықтарға байланысты қоныс иелеріне ешқандай  қауіп төндірмейтіні туралы айтады.

Еске сала кетейік,  қалалық әкімдік әуеқалашығы шағын ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 20 пайыз алғашқы жарнаны төлеу арқылы пәтерлер сатып алуды ұсынады. Мұндай мүмкіндікке Павлодар қаласында және Мойылды, Ленин кенттері, Павлодарское, Жетекші, Байдала ауылдарынан жеке тұрғын үйдің құрылысына жер учаскесін алу  үшін кезекте тұрған азаматтар ие бола алады.

 

 Фото: ашық көздерден және Индира Лятина

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам