Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Статистикалық деректерге сүйенсек 2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 млн 611 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735 мың адам (41,6%).

2018 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда, халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) қалыптасты, - делінген статистикалық мәліметтерде.

pavlodarnews.kz

Тэги: