Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Достар, мен сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Джеки Чан жаңа "Авангард" фильмін шығарады. Мен фильмнің саундтрегін орындадым. Киноға барыңыз, Джеки Чанмен бірге жаңа фильм көріп, бір мезгілде менің әнімді тыңдаңыз", - деп жазды ол.

Джеки Чан басты рөлде ойнаған қытайлық "Авангард" фильмі 2020 жылдың 25 қаңтарында шығады. Фильмнің сюжеті күзет фирмасының қызметкерлерінің қуатты халықаралық жалдамалылар ұйымына қытайлық миллионердің отбасын ұрлауға кедергі жасау әрекеті туралы баяндалады.

pavlodarnews.kz

Тэги: