- Қар құрсауынан қыс  басталғаннан бері 392 техника: 332 жүк көлігі, 10 жолаушылар автобусы, 50 жеңіл автокөлік шығарылды, - дейді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерлан Қасымов. - Екі жағдайда басқа елдердің, Қырғыз Республикасының, Өзбекстанның азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағына жіберілген үлкен жүк автокөліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен. Осы келеңсіз жағдайға тап болғандарға жедел және уақытылы медициналық көмек көрсетілді, тамақтану және түнеу ұйымдастырылды. 

Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жылыту пункттері қандай жерлерде орналасатынын құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жылыту пункттері алдын ала анықтайды.

Павлодар өңірінде қысқы мерзімде облыстық және республикалық автомобиль жолдарына шекаралас барлық елді мекендерде төтенше жағдайға тап болған азаматтарға арналған жылыту пункттері жұмыс істейді.  

Жүргізушілер мен жолаушылар жылыту пункттерінде жылумен, ыстық тамақпен, ауыз сумен және ыстық шаймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, пункттерде ана мен бала бөлмесі, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсететін медициналық пункт, ұялы телефонды зарядтау мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, шұғыл жағдайда «112» нөмірі бойынша шұғыл қоңырау шалу қажет. Бұл телефон нөмірі Қазақстан бойынша бірдей, сондықтан төтенше жағдай болған жерге қарамастан азаматтар көмекке  келеді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам