Бұған дейін Филипиннің төрт қаласының жабылғанын хабарланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABS-CBN телеарнасына сілтеме жасап.

 Жергілікті табиғи апаттардың салдарын басқару және азайту жөніндегі жергілікті басқарма басшысы Лито Кастроның айтуынша, жұма күні 14 шақырым радиустағы қауіпті аймақта тұратын барлық жергілікті тұрғынға үйлеріне оралуға тыйым салынған. Кастро жұма күнгі мәлімет бойынша 66 мыңнан астам адам 283 эвакуациялық орталыққа жайғастырылғанын атап өтті. Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады. Жанартаудың атқылауы салдарынан Филиппин билігі Батангес провинциясындағы үш елді мекеніндегі 80 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кіріскен болатын

pavlodarnews.kz

Тэги: