Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті. 

- 45,5 мың бірліктің ішінде 10,1 мыңы – заңды тұлғалар, 32 мыңы – жеке кәсіпкерлер, 3,4 мыңы – шаруа немесе фермерлік қожалықтар, - деді департаментте. – 2019 жылғы 1 қазанда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,8 пайызға өсіп, 136,4 мың адамға жетті.

Департаменттің хабарлауынша, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (салыстырмалы бағада) 22,5%-ға ұлғайып, 607 млрд теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы Павлодар облысының үлес салмағы – 2,9%-ды құрады.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, бизнес, кәсіпкерлік