Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев  бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған.

- Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты, - деді Арман Габдушев. – Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 жеңіліске ұшырады. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойынды ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік.

Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді.

- 8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады, - деді аға бапкер. – Сәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы - өте жақсы нәтиже.

Айта кетейік, шахматтан 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.

 Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім