Шара барысында қауымдастық президенті Кәрім Мәсімов президент лауазымынан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Сонымен қатар ол бұл лауазымға қауымдастықтың бірінші вице-президенті Әнуар Садықұловты ұсынды. Қауымдастыққа мүше 22 федерация өкілдері оның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Өз кезегінде Әнуар Төлеуханұлы Кәрім Қажымханұлын ұйымның құрметті президенті ретінде ұсынды. Бұл ұсыныс та толық қолдау тапты. Сонымен қатар Кәрім Мәсімовке жауынгерлік алтын белбеу табысталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: