Музей қызметкері Досжан Мұратбектің айтуынша, шараның негізгі мақсаты - биылғы Еріктілер жылына орай өңіріміздегі ерікті жастармен бірлесе отырып, облысымыздағы мәдени шаралардың ауқымын кеңейту, бірлесіп тың бастамаларды ұйымдастыру.

- Жалпы еріктілермен қолға алғалы отырған бастама негізгі үш бағыттан тұрады, - деді Досжан Мұратбек. – Біріншісі – «мобильді поэзия» жобасын қолға алу. Бұл бағытта еріктілер кез келген ақынның өлеңін оқып, ұялы телефондарына түсіріп, бізге жолдайды. Жаз айларында үздік шыққандарға Баянауылға экскурсия ұйымдастыру жоспарланған. Ал, екіншісі – ерікті экскурсия жүргізушілерді жасақтап шығару. Үшіншісі – еріктілерді музей қорына жәдігер жинауға жұмылдыру. Бүгін осы жұмыстардың басы ретінде музейімізде еркін кеш ұйымдастырдық.

Шара барысында қазақ поэзиясы қорынан өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалды, ұтқырлық ойындар ойнатылып, қонақтарға сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, кештің ерекшелігі әр түрлі пішіндегі 3D голограммалар – қозғалмалы бейнелер көрермен қауымға ұсынылды.

Оразбек  Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет