Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Баянауыл ауылынан 35 шақырым қашықтықта ТЖ департаментінен 4 қызметкер, 1  техника және жоғалған адамның   туысы  іздестіру шараларына жұмылдырылды. 1988  және 1989 жылы туған екі ер адам сағат 17:00-де Мауке учаскесінен УАЗ автокөлігіне шығып кетіп, жоғалып кеткен, - дейді департаментте.

18 қаңтар күні сағат 02.20-де. ТЖД іздеу тобы  оларды Мауке учаскесінен 1.5 шақырым қашықтықта тауып, Баянауыл ауылына эвакуациялады. 

Екі азаматтың да жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Фото: ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам