Оқиға өткен жұмада,  17 қаңтарда  орын алған. Жедел жәрдемге  Ертіс аудандық ауруханасынан қоңырау келіп түсті. Жүктіліктің 30 аптасында   жоғары қан қысымына шағымданған келіншек жүгінген.

Ертіске бірден санитарлық авиацияның құрамында акушер-гинеколог және реаниматолог бар мобильді бригадасы жіберілді. Мамандар  науқастың жағдайын ойдағыдай  қалыпқа келтірді.

Оның ерте босануы мен бұл жағдайда шала туылған балаға арнайы күтім қажет екенін ескере отырып, оны Павлодар қаласына жеткізу керек болды. Сол кезде ТЖ департаменті қатты боран өңірдегі барлық жолдардың жабылуы туралы жариялады. Соған қарамастан науқасты тасымалдау туралы шешім қабылдап, көмекке «Қазавтожол» облыстық филиалының қызметкерлері мен полиция патрулі шақыртылды. Олар реанимобильмен бірге жүрді.

Сол күні  келіншек Павлодарға жеткізілді. Қазір ол перинаталдық орталықта облыс мамандарының бақылауында.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, жедел жәрдем