- Бұл бағдарлама 2017 жылдың тамыз айында іске қосылған бизнесті қолдау бойынша мемлекеттің ең жаңа бастамаларының бірі болып табылатынын атап өткен жөн, - дейді «Даму» КДҚ» АҚ Павлодар облысы бойынша ӨФ-ың директоры Айнагүл Байдәулетова. - Бағдарламаның нәтижесінде кәсіпкерлер және бірінші кезекте ісін жаңа бастаған кәсіп иелері біздің өңірде 6 500 АЕК, яғни, 16,4 миллион теңгеден аспайтын сомаға жылдық 6 пайыз мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен несие ала алады. Сондай-ақ «Даму» қорынан қарыз сомасынан 85%-ға дейін кепілдік алуы мүмкін.

Сондай-ақ 2019 жылы 52 жоба бойынша кепілдік шартына қол қойылды. Бұл 2018 жылға қарағанда 67,7 пайызға артық. Несиелердің жалпы сомасы 474,03 миллион теңгені құрады.

Айнагүл Байдәулетова өңірде кәсіпкерлер белсенді түрде қатыспайтын бағдарламалар бар екенін атап өтті. Бұл - «Даму» қоры арқылы көп пәтерлі үйлер салатын жеке құрылыс салушыларды ынталандыру және қолдау шеңберінде жүзеге асырылатын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы.

- Өңірлік филиал бағдарламаға жеке құрылыс салушыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, - дейді спикер. - Өкінішке орай, Павлодар облысында осы бағдарламаға қатысқысы келетін құрылыс жүргізетіндер жоқ. Оған қатыса отырып, кәсіпкер субсидиялау түрінде қолдау алады. Несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме - 14,25 пайыз. Оның ішінде жетеуі субсидияланады.

Айгүл Жүсіпова

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, «Еңбек» бағдарламасы, қаржы, жоба, сауда