Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында Тәуелсіздік көшесі бойынша сағат 22.30-да кірпіштен қаланған көлікжайда тұрған Audi 100 автокөлігі толығымен жанып кетті. Жалын көлікжайдың ағаш төбесі мен 20 шаршы метр аумақта үй заттарын шарпып өтті. Тілсіз жауды 2 техника мен 6 қызметкер 15 минуттың ішінде сөндірді. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, - дейді департаментте.

Сондай-ақ сағат 00.52-де Тереңкөл ауданында Луговое ауылында № 8 өрт сөндіру бекетінен 9 шақырым қашықтықта 50 шаршы метр орналасқан екі бөлмелі қамыс үйдің төбесі мен қабырғалары, терезе жақтаулары мен еден, жиһаз жанған. Сағат 03.40-та 2 техника мен 7 қызметкердің көмегімен сөндірілді.

Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің ауласында 2010 жылғы ВАЗ 2314 автокөлігінен өрт шықты. Салонның басқару панелінде 0,5 шаршы метр аумақта резеңке-техникалық бұйымдар тұтанды. Оқыс жағдайдың орын алуына қысқа тұйықталу себеп болған. Оқиға орнында 1 техника мен 5 адам, «102» қызметі жұмыс істеді.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, өрт, оқиға