ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірде 2698 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Нәтижесінде 2494 оқушы қатысты.

- Оқушылар бес пунктте тестілеуден өтті, - дейді баспасөз қызметінде. – Атап айтқанда, С. Торайғыров атындағы ПМУ-да, Ертіс ауданы, Баянауыл ауданы, Ақсу қаласы және Екібастұз қалаларында өтті. Басты міндет бірыңғай тестілеуді адал өткізуді қамтамасыз ету және тыйым салынған заттарды есептен шығаруға және пайдалануға жол бермеу болды. Осыған байланысты, ҚР БҒМ бұйрығы негізінде бақылаушы ретінде «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерін, арнайы мониторингтік топтың мүшелерін және Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерін бекітті. Олар өз кезегінде өңір аумағында тестілеудін сапалы және ашық өтуін қамтамасыз етті.

ҰБТ өткізу барысында 32 адам тестен шығарылып, аудиторияда 20 тәртіп бұзушы анықталды.

- Тест тапсырушылар негізінен смартфондар мен шпаргалкаларды пайдалану салдарынан шығарылды, - деді департаментте. - ҰБТ-ны тапсырған әрбір пунктте орнатылған бейнекамералар бұзушылықты дәлелдеуге көмектесті. Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі болашақ талапкерлерді парасаттылыққа шақырады және ҰБТ тапсыруға сәттілік тілейді.

Еске сала кетейік, ҰБТ қорытындысы бойынша шекті деңгейден өткен түлектер ҚР ЖОО-да коммерциялық негізде білім алу құқығы бар сертификаттарға ие болады.

2019 жылы ҰБТ өткізу ережесіндегі өзгерістерге байланысты түлектер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында ҰБТ тапсыру керек.

Фото: ашық дереккөздерден 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, ҰБТ, емтихан, білім