–  Үй құрылысы салушылардың қаржыландыру көзінен меншікті қаражат – 63%, бюджеттік қаражат – 37% болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үй құрылысына салынған қаражаттың үлесі 4,8% құрады. Облыста жалпы алаңы 332,5 мың шаршы метр 2597 пәтерлік 1008 тұрғын үй пайдалануға берілді, – дейді  өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметінде.

Жеке құрылыс салушылармен 171,4 мың шаршы метр пайдалануға берілген. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлеміндегі Павлодар қаласы ең жоғары үлес салмағын алады – 61,2%.

Тұрғын үй мемлекеттік бағдарласы шеңберінде жалпы алаңы 63,5 мың шаршы метр 855 пәтерлік 11 ипотекалық және жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындар 73,5 мың теңгені құрады.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам