Мәдени іс-шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері хабарлағандай, көрме музейге келуші қонақтарды Ұлы Даланың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мұрасымен таныстыру мақсатында өтеді.

- Көрмеде ақынның жеке құжаттары, экспонаттар, музей жәдігерлері қойылады, - дейді музей өкілдері. – Сол арқылы жастар арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсаты көзделуде. Өскелең ұрпақтың Абай мұрасын дәріптеуде білімдерін кеңейту.

Көрмеде Семей қаласының Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейінің қорынан құнды жәдігерлер, фотосуреттер, архивтік деректер, қолжазбалар, мүсіндер мен картиналар Ұлы ақын мұрасынан музей қорында сақталған экспонаттар ұсынылатын болады.

Көрме 22 қаңтардан 12 ақпанға дейін жалғасады.

Көрме Павлодар қаласы, Есеналиев, 2 көшесі Ertis музейінде өтеді. Басталуы: сағат 15:00-де. Қосымша ақпарат үшін 61-81-37 телефон нөміріне хабарласуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Абай, 175 жыл, Абай Құнанбайұлы, тарих, музей