Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2019 жылы жануарлардың аса қауіпті 17 ауруға қарсы вакциналарды (оның ішінде құтыру, аусыл, сібір жарасы, оба, пастереллез, туберкуллез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, нодулярлық дерматит және т.б.) сатып алды. Осылайша, жыл ішінде 140 696 651 жануар мен құсты вакцинациялау бойынша жоспар 100%-ға орындалған, - делінген ақпаратта.

2020 жылы жануарлардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы 150 млн астам екпе жасау жоспарланып отыр. Тиісті жұмыстар осы жылдың ақпан-наурыз айларында басталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: