Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров  мәлім етті.

- Бұл санаттағы қылмыстарға ерекше көңіл аударамыз, - дейді Айдар Тастеміров. -   Бұл сұрақ Мемлекет басшысы мен  орталық аппараттың ерекше назарына алынған. Әлбетте, бұл жерде күнделікті жүйелі жұмыс жүргізіледі. Көлеңкелі экономика саласында қолдау бойынша 2018 жылдағыдай 2 қылмыс тіркелді. Тергеу бақсармасымен 290  қылмыстық іс аяқталды,  100 іс сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа жіберілді. 2019 жылы басымдық берілген 20 бағыт бойынша жақсы нәтижеге қол жеткіздік.

Статистикалық деректерге сәйкес, былтыр 150 қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша 82 қылмыс тіркелген.  Бұл - 2018 жылмен ұқсас көрсеткіш. Сондай-ақ 2018 жылы 25 пара алу фактісі есепке алынса, былтыр 35-ке жеткен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 189 және 190-баптарына сәйкес қарастырылатын бюджет қаржысын жымқыру фактілері бойынша 84  қылмыс тіркелген. 2018 жылы 81 факті болған.  Бизнес ісіне араласуға қатысты 18 қылмыс (2018 жылы 16) есепке алынған.

- Өткен жылы жұмыс істей бастаған «Ертіс – адалдық алаңы» жобасы өз нәтижесін беруде, - деп атап өтті департамент басшысы. - Бұл - агенттік төрағасының бастамасы. Оған адалдық сағаты, жастармен жұмыс істеуге бағытталған «Саналы ұрпақ» бөлімдері кіреді. Біз жұмыстан кейін осы бағдарлама аясында мектептерге барамыз. Жемқорлыққа  қарсы күрес мектеп партасынан басталуы тиіс. Тіпті,  шпаргалка және көшіріп жазуға тыйым салынады. Себебі, есейген кезде пара беру арқылы мәселені шешуден аулақ болу үшін балалардың бойында кішкентай кезден бастап  жемқорлықтың кез келген түріне тосқауыл қою қажет. Бұдан бөлек, түрлі шаралар өткізіледі. Аудио және видео, тақырыптық материалдар  құрастырылады.  

 

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, жемқорлық, Павлодар облысы