Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысы қалалық басқарушылар мен коммуналдық қызметкерлердің назарын әлеуметтік нысандардың кіреберістері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту қажеттігіне аударды.

- Әлеуметтік нысандар мен оған іргелес жатқан аумақ басты назарда болуы керек, - деді №2 емхана жанында Әбілқайыр Сқақов. - Адамдар ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға кедергісіз келуі тиіс. Бұл жерден таңертең өткенмін. Сол кезде де, қазір де тазартылмаған! Көлік тұрағы мен әлеуметтік нысандарға қатысты ғана емес, адамдар пайдаланатын жақын маңдағы тұрақтарды да қардан тазалау керек.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары коммуналдық қызметкерлермен кеңес өткізді. Қалалық қызметтер қар шығару жұмыстарын күшейтіп, қысқа мерзімде қаланы толық тазалауға уәде етті.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қар, Әбілқайыр Сқақов, Павлодар