«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің мәлімдеуінше, «Ұлы даланың тарихи тұлғасы – Сұлтанбет баһадүр сұлтан» атты тарих сабағы биылғы 2020 жылы Сұлтанбет сұлтанның 310 жылдығын атап өтудің бастамасы болып табылады.

Құрметті қонақтар ретінде аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі Нұрия Көбенова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы  АҚ мұражайының директоры Әлия Жүнісова, ПМПУ Марғұлан орталығының директоры, археолог Тимур Смағұлов   шақырылды.

Өлкетанушы Виталий Сирик Сұлтанмұхаммед баһадүр сұлтан Қазақ хандығы аясындағы XVIII ғасырдың бірегей, ауқымды және Ертіс әскери желісінде сол дәуірдің саясатына ықпал еткен көрнекті тұлға  екенін атап өтті.

Өткізілетін іс-шараның халықаралық маңыздылығын қатысушылардың атына Невель қаласының мектеп-гимназиясынан (Ресей, Псков облысы), Харьков қаласы қазақтар қоғамдық бірлестігінен (Украина) және Еуразиялық мәдениет қорынан келген құттықтау жеделхаттары көрсетті. 

Қатысушылар «Ертіс өңірінің билеушісі» деректі фильмін тамашалап, Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Сұлтанмұхаммед бахадүр сұлтан қоныс-мұражайына виртуалды экскурсия жасалды. Сонымен қатар мектеп оқушылары Сұлтанбет сұлтанға арналған өлеңдер оқыды.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық драма театрының әртістері Нұржан Сарқамбаев пен Руслан Нығыманов 1740 жылы  «Абылай сұлтанның жоңғарлармен тұтқындалуы кезіндегі Ғалдан ханға  жауабы» атты театрлық қойылымын ұсынды.

- Біздің мектепте Қазақстан халқының он сегіз түрлі ұлт өкілінен 1015 оқушы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда, - дейді мектеп директоры Любовь Щербакова. – Олар  мемлекеттік тілді және Қазақстан тарихын қызығушылықпен меңгеруде. 

Мектеп кітапханасының кітап қоры Қазақстанның көрнекті қайраткері Сұлтанбет бахадүр сұлтан туралы кітаппен толықты. Сондай-ақ қатысушылар мен қонақтарға «Сұлтанбет Сұлтан» қоғамдық қоры атынан Сұлтанбет бахадүр сұлтан кітабының ІІ томы сыйға тартылды. 

Еске сала кетейік, Сұлтанбет сұлтан 1710-1799 жылдар аралығында Арқаның төрінде өмір сүрген. Арғы атасы - Шыңғыс хан, бергі атасы - Қанішер Абылай, әкесі - Жәңгір сұлтан. Ол - үш жүздің басын қосқан Абылай ханның немере ағасы. Хан Абылайға ақылшы аға, жорықтарда үзеңгілес жолдас болғандығы туралы жазылған нақты деректер бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ертіс өңірінің ғалымдары есімі алты алашқа мәшһүр болған Сұлтанбет сұлтанның қыстағын тапты. «Сұлтандар аралы» деп аталып кеткен бұл жер облыс орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан.

Фото: «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, мәдениет, рухани