Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғыны баласын іздестіруге қолқабыс жасаған тәртіп сақшыларының еңбегін жоғары бағалаған.

- Құрметті Нұрлан Мырзаханұлы, АП-635 құрамындағы полиция қызметкерлеріне, яғни полиция аға лейтенанты Н.Б.Жабаев, полиция аға лейтенанты Е.К.Дабылов, полиция аға лейтенанты А.Ж.Қаңтарбаев, полиция кіші лейтенанты А.С.Темешов, полиция лейтенанты А.Сүлейменовке алғыс айтамын, - деп жазады Қайыртас Нұрғалиев. – Олар менің мүгедек балам Нұртасты іздеуде зор үлестерін қосты. 20 қаңтарда базар маңында жоғалтып алған ұлымды 1,5 сағаттың ішінде тауып берді. Полиция шақыртқан кезде жедел шешім шығарып, 10 минуттың ішінде іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Екі полиция машинасы мен учаскелік инспекторы бұл іске жұмылдырылған еді. Полиция қызметкерлерінің ептілігі, кәсіби шеберліктері арқасында 1 топтағы мүгедек баламды тауып алдым. Полиция нағыз ел қорғаны деп айта аламын! Еңбектеріне жеміс тілеймін!

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, Павлодар, алғыс, Нұрлан Мәсімов