Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Светлана Лаптева 22 жыл бойы Ольгин мектебінде жұмыс істейді. Ұзақ жылдар бойы жеңіл атлетика, баскетбол және шаңғы спорт түрлерімен айналысады.

- Бұл мектеп шағын жинақты болғанына қарамастан, оқушылары жиі баскетбол бойынша аудандық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады, - дейді баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. -  Ауыл ұстазы 54 жасында еліміздің құрама командасына еніп, халықаралық деңгейдегі жарыста жүлдегер атанды. Осылайша жастық шағындағы арманын жүзеге асырған. Оның жарысқа барып келу сапарын ұйымдастыруға жергілікті кәсіпкер Александр Касицин жәрдемдесті.

2009 жылы жеткен жетістіктерімен жоғары кәсібилігі үшін Светлана Лаптева Павлодар қаласы аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы көпжылдық адал еңбегі үшін Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

2013-2019 жылдары спорт ардагерлері арасында жеңіл атлетикадан ұзындыққа секіру және 50,100 метр қашықтыққа жүгіруден чемпион. 2019 жылы облыстық жазғы спартакиадада президенттік көпсайыстан чемпион. 2012-2016 жылдары спорт ардагерлері арасында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім