- Маманның нөмірі 87762374247, Егер жолаушыларда сұрақтар туындаса,  Whatsapp-қа жазуға немесе қоңырау шалуға болады. Трамвай вагондарда да телефон нөмірімен хабарландыру ілеміз, - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, трамвай басқармасында жаңа құрылғылардың ақаулығына қатысты қауесетті жоққа шығарды.

- Қазір бізде ақауы бар валидаторлар жоқ. Барлық құрылғылар жолға шығар алдында тексерістен өтті. Барлығы жұмыс істейді. Толық ауысымға қуаты жетеді, тоғыз сағатқа нақты жетеді десе болады, - деп сендірді баспасөз қызметінде. - Егер төлем өтпесе, бұл ең алдымен карта немесе есепшотқа байланысты. Егер жолаушы бұл дұрыс емес екеніне сенімді болса, ол біздің жедел желіге жүгіне алады.

Көптеген кондукторлардың әлі күнге дейін валидаторсыз жұмыс істейтіндігіне келетін болсақ, бастапқыда арнайы қаптар мен белдіктер барлық құрылғыларға сай келмеген, ал онсыз жұмыс істеу ыңғайсыз болса керек. Себебі, валидаторды үнемі қолында ұстап тұрып, адамдарға қалған ақшасын қайтару қолайсыздық тудырған. Осыған байланысты кондукторлар құрылғыларды сөмкелеріне салып қойған.

- Қазір трамвайлар валидаторсыз жолға шықпайды. Әрбір  кондукторға бір-бірден бекітілген. Онда қатаң есептеу бар, - деді баспасөз қызметінде. - Валидаторлар жеткілікті. Кондукторда валидатордың болмауы мүмкін емес. Бәлкім, павлодарлықтар шын мәнінде қаптар мен белдіктердің жетіспеуінен көрмеген шығар. Өткен аптаның соңында барлық жиынтық келді. Енді барлық кондукторларда болуы тиіс.

Қазір трамвай басқармасында валидаторлар вагондардан көп. Кәсіпорында бұл валидаторлардың бірі сынған жағдайда қажет екенін айтады: егер кенеттен олардың бірі істен шыққан жағдайда  алмастырылатын болады.

Фото: Наталья Зинченко

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам