Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетсек, қаладағы қоғамдық көліктерге жауапты «Астана ЛРТ» компаниясы таңертеңнен бері тұрғындарды ескертіп, қала маңына шықпай тұра тұруға кеңес берген еді.

«Құрметті қала тұрғындары мен меймандары!. Мүмкіндік болса, қала шетіне шығуды шегере тұрып, аса қажеттілік болмаса үйден шықпағандарыңыз жөн. Егер жүргізуші болсаңыз, жақсылық жасап, адамдарды үйлеріне жеткізіп тастаңыз. Қазір қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындап тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (жолдарды қар басқан) қалалық бағдарлар уақытша кейбір аялдамаларға кірмейді. Бағдарлардың өзгертілген сызбаларымен суреттерді көріп таныса аласыздар», - деп ескертті компаниядан.

Елорданың қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT Facebook және Instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан білуге болады.

Десе де, қоғамдық көлікке жауапты компанияның жұмысына қатысты әлеуметтік желіде әлі де шағымдар түсіп жатыр.

«Астана ЛРТ, неліктен боранды күнде Пригородный ауылына жүретін Экспресс 100 автобусы тоқтап қалған. Адамдар боранда тоңып тұр. Ешкім автобустың жолға шықпайтынын білмей қалған. Неліктен ескертілмеген?» - деп жазады Ирина Семибратова атты азамат.

Бұл шағымға «Астана ЛРТ» компаниясы жауап берді.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты №10 және №12 автобустар уақытша Пригородный ауылына кірмеді. Бірақ, қазір олар штаттық режімде жұмыс істеп тұр», - делінген компанияның жауабында.

Компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаеваның хабарлауынша, қазір қала маңына қатынайтын 21 қоғамдық көліктің бәрі уақытша тоқтап қалған.

pavlodarnews.kz

Тэги: