Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 08.32-де кезекшілік бөліміне хабарлама келіп түсті. 160 шаршы метр аумақта шаруашылық  тауарлары жанып кеткен. Ғимараттың ішін ыс басқан. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - дейді департаментте.

Оқиға орнына 26 адам мен 6 техника шыққан. Оның ішінде 17 қызметкер мен екі техника облыстық ТЖД-дан. Сондай-ақ өрт сөндіру зертханасы, қалалық электр жүйесі,  су таситын көлік, «102» қызметі шыққан.

Тілсіз жау сағат 10.45-те толығымен сөндірілді.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам