- Коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазалауды тәулік бойы жүргізуде, - дейді Хасар Хабылбеков. – Бұл іске 100-ден астам техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде 60 КамАЗ, 25 жүк тиеуші, 40 щетка мен 10 құм шашушы бар. Қардың барлығы қаладан шығарылады.

Хасар Хабылбековтың айтуынша, қаланың жеке меншік секторы да ұмыт қалмайды. Айталық, тек Екінші Павлодарды қардан тазалау ісіне 20 КамАЗ бен 8 жүк тиеуші жұмылдырылды. Бұл іс Зеленстрой, Радиозавод, Лесозавод мөлтек аудандарында да жүзеге асырылады.

Осыған қатысты, шаһар басшысының орынбасары кәсіпкерлер мен ұйымдар басшыларын өздеріне тиесілі аумақты қардан тазалауға шақырды. Әйтпегенде, қаланы абаттандыру ережелерін бұзған мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, синоптиктердің мәліметтерінше, осы күндері Павлодарға түскен жауын-шашын мөлшері былтырғы қыс айларында түскен қар көлемінен 3 есе артық.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қар, жауын-шашын, тұрғын үй инспекциясы, Хасар Хабылбеков, қыс