Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, елдің шығысында болған табиғат апатынан 19 адам көз жұмып, 900-ден астам адам жарақат алған. Еске салсақ, бұған дейін Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болып, 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.

pavlodarnews.kz

Тэги: