Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Түркия елінде European Athletics Indoor Permit Race сериясының Istanbul Indoor Cup 2020 халықаралық турнирі өтті, - деді баспасөз қызметінде. – Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруден қола медаль иегері атанды.

60 метрге жүгіруден барлығы 11 спортшы жарыс жолына шықты. 7,40 секунд көрсеткішімен павлодарлық Ольга Сафронова халықаралық турнирдің 3-орнын иеленді.

Айта кетейік, Ольга Сафронова 12 ақпан күні Польшаның Лодзь қаласында Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығының Indoor Permit Meetings серия бойынша халықаралық турнирде бақ сынаған болатын. Аталған сайыста жеңіл атлетші 7,45 секунд көрсеткішпен 5-орынға тұрақтаған.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ольга Сафронова, жеңіл атлетика, спорт