Оқыс жағдай Ақтоғай ауданында орын алған.

- Жол талғамайтын көліктің екі жолаушысы машинадан секіріп үлгерген, - дейді аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі маманы Еламан Аралов. – Бұдан кейін облыс орталығынан жүк көлігі келіп, суға кеткен көлікті жағаға шығарған.

Аудан әкімдігінде хабарлағандай, Карбышев көлі - балықшылардың сүйікті орны. Мүткенов ауылдық округінде аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі екі метрге жетеді.

Ақтоғай ауданында ауа райы мен жұқа мұздың салдарынан екінші жыл қатарынан жалғыз өткел ашылмайды.

 

Фото и видео @kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам