Ұлттық спорттық ойынды қалай ойнау керектігін еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары Мәдина Қарақұлова, Роза Райымбекова, Аяжан Егінбай, Әсел Темірханова, Жәмилә Байылдашева көрсетті.

Шеберлер жас спортшыларға ойында қалай көшу керектігімен қатар, тактикалық әдістерді де үйретті.

- Тоғызқұмалақ – математикалық ойлаумен қатар, төзімділікті де шыңдайтын қазағымыздың ежелден келе жатқан ойыны, - деді тоғызқұмалақтан Павлодар облысының аға бапкері Арыстан Қапаев. – Облысымыздың спортшылары жыл сайын республикалық және халықаралық додаларда өздерінің көшбасшы екендерін дәлелдеп келеді. Биылғы жылдың қаңтар айының өзінде ерлер құрамасы Қазақстан чемпионатында командалық есепте жеңіске жетті.

Айта кетейік, шеберлік сабағы әйелдер арасында ҚР чемпионаты қарсаңында өткізілді. Ақпан айының соңында Тараз қаласында өтетін чемпионатқа аталған спортшылардың барлығы қатысатын болады.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тоғызқұмалақ, спорт