Байқау «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде музыкалық дарынды білім алушылар мен талантты шығармашылық ұжымдарды дамыту, қолдау, олардың шығармашылық белсенділіктерін, кәсіби бағдарын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылмақ.

- Байқау «Хор ұжымдары» және «Фортепиано» номинациялары бойынша өтеді, - дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінде. - Фестиваль-байқауға Павлодар, Екібастұз қалалары мен Шарбақты, Ертіс, Тереңкөл, Май, Баянауыл, Железин, Ақтоғай аудандарының жас музыканттары мен ұжымдары қатысады. Конкурс жаңа жұлдыздарды жағуға көмектеседі және Павлодар облысының көптеген маңызды мәдени шараларына қатысуға жол береді деген үміттеміз.

Айта кетейік, байқау лауреаттары республикалық конкурсқа жолдама алып, өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Фото: ашық дерекөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: