Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты ойын өзгертті.

Мұның алдында мексикалық боксшы GGG-мен трилогияға мүдделі болатын, алайда, қазір ол ойынан айныған. Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, Альварес қазақстандықпен қыркүйекте жұдырықтаспақ болған еді.

Енді Альварес 168 фунтта өнер көрсетпек, сондықтан, Головкинге орта салмақтан (160 фунт) көтерілу керек болады.

"DAZN үшінші жекпе-жекті көптен бері ұйымдастыруға тырысып жатыр. Дегенмен "Канело" - GGG трилогиясы әлі алыс. Альварес 2 мамырдағы жекпе-жегін реттеу керек. Головкин болса, Камил Шереметамен жұдырықтасады, алайда, жекпе-жек күні мен орны әлі белгіленбеді.

Енді салмақ мәселесін шешу қажет. Головкин 168 фнтта жұдырықтасқысы келе ме? Алда іс көп, бірақ, "Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін ақыры көреміз-ау деген ынта да артты", - деп жазыпты Коппинджер твиттер желісінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: