Облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегеновтың айтуынша, штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі мен «Қазавтожол», жолдарды тазалауды бақылау басқармасының өкілдері кіреді.

-  Тұрғындарға алдағы екі күнде алыс жолға шықпауға кеңес береміз, - дейді Ернұр Өтегенов. - Жолдарда ақ түтек боран, түк көрінбейді. Ертең және бүгін желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Түнде біздің  құтқарушылар 100 шақырымды 4 сағат жүріп барды. Себебі, жолдарда түк көрінбейді. Ал, жеңіл көлікпен шыққан жағдайда не болатыны белгісіз. Спутник байланысы және төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын Darmen қосымшасы іске қосылған.

Қазіргі таңда облыстық және республикалық маңызы бар 17 тас жолы жабық. Қалқаман кентінен бастап, Нұр-Сұлтан бағытына қарай, Баянауыл – Шідерті – Қарағанды облысы, Омбы – Ленин, Ақтоғай – Ертіс – Тереңкөл – Железин, Успен – Шарбақты бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Барлық облыстық және республикалық жолдарда жергілікті полиция қызметінің бекеттері орналастырылған.

Ақбота Сейсенбаева

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам